«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Ағымдағы жылдың 31-ші қазан күні сағат 16.00-де Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Сәкен Ғұмаров музей-үйінің құрылуына 30-жыл толуына орай, Орал қаласы, Абай даңғылы №71 мекен-жайында «Өнердің рухы — мәңгілік» атты муралдың ашылу салтанаты өткізілді.

01.11.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Мурал суретшінің өзінің үйінің қасындағы тұрғын үй қабырғасында салынды. Онда Сәкен Ғұмаровтың өзі бейнеленген. Бұл бейне суретшінің рухани тұлғасын және өнерге деген сүйіспеншілігін көрсетеді.
Шараның мақсаты: Сәкен Ғұмаровтың шығармашылық мұрасын дәріптеу және Орал қаласының мәдени келбетін жаңғырту.
Шараға Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары- Гүлжанар Болатқызы, Облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Нұржан Тоғызбайұлы, Суретшінің туыстары- Жамбыл Нұртасұлы, Жанболат Нұртасұлы, Халықаралық қолөнершілер Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті ұстазы -Бейбіт Сағынгалиұлы, Суретшілер Одағының төрағасы мен мүшелері , С.Ғұмаров атындағы көркемсурет мектебінің директоры Ибрай Амангелдіұлымен ұстаздары, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің кафедра меңгерушісі Нұрлан Амангелдіұлы мен студенттері және Сервис және жаңа технология колледжінің студенттері қатысты.
Аталмыш шарада қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Болатқызы муралдың ашылу алғы сөзін сөйледі. Облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Нұржан Тоғызбайұлы муралды бейнелеген Самат Тілегенұлымен ұжымына алғыс хатты табыстады. Суретшінің туысы Жамбыл Нұртасұлы жүрекжарды тілегін білдірді, халықаралық қолөнершілер Одағының мүшесі Бейбіт Сағынгалиұлы сөз сөйледі.
Кеш барысында ақын Айтқали Нәріковтың «Сәкен мұражайында» атты өлеңін Облыстық арнаулы кітапхананың әдіскері Саменова Гүлмайра әсерлі дауыспен оқып берсе, әнші Нұрлан Қожахметтің орындауында «Қазағым қасиетіңнен айналайын» әні айтылды.

Scroll to Top