«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

БҚО тарихи-өлкетану музейі, «Атамекен» өнер ордасы көрме залының ұйымдастыруымен, белгілі қылқалам шебері, композитор,Қуандық Насихатұлы Мәдірдің мерейтойлық «ТАЛТҮС» атты дербес көркемсурет көрмесі ашылды.

15.10.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

14 қазан күні БҚО тарихи-өлкетану музейі, «Атамекен» өнер ордасы көрме залының ұйымдастыруымен, белгілі қылқалам шебері, композитор, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Суретшілер, Журналистер және Еуразиялық Дизайнерлер одақтарының мүшесі, «Тұран» халықаралық көркемөнер сыйлығының лауреаты, Қазақстан композиторлары авторлар қоғамының мүшесі, қауымдастырылған профессор Қуандық Насихатұлы Мәдірдің мерейтойлық «ТАЛТҮС» атты дербес көркемсурет көрмесі ашылды.
Көрменің мақсаты – қылқалам шебері Қуандық Мәдірдің бейнелеу өнеріндегі шығармашылығын насихаттау, қылқалам шеберінің жеке қорында сақталған жүзден астам туындысымен көрерменді кеңінен таныстыру. Көрмеге суретшінің шығармашылық өмірінің әртүрлі кезеңдерін көрсететін туындылар қойылған.
Қылқалам шеберінің көркемсурет шығармалары еліміздегі музей қорларында, алыс, жақын шетелдерде, жеке коллекцияларда сақтаулы. Олар халықаралық, республикалық көрмелерде сауатты сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болған. Сонымен қатар, көркемсурет туындылары «Қазақстан бейнелеу өнері» V (бес) томдығына, Түркі тілдес 17 мемлекеттің 240 қылқалам шеберінің шығармалары топтастырылған «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда», «ТҰРАН» романтизмі ІІ (екі) томдығына енген.
Көрменің ашылуына жергілікті суретшілер, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, студенттер т.б қатысты.
Шараның алғы сөзі Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары Жеңіс Махамбетұлы Нигметуллиннің құттықтау сөзімен ашылды.

Scroll to Top