«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Музейде жаңа жоба қолға алынды.

10.10.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Музейде жаңа жоба қолға алынды.
Жобаның мақсаты — музей қорындағы көне кітаптарды араб тілінен қазақ тіліне аударып, толық сипаттама жасап, каталог құрастыру, жарыққа шығару және ғылыми айналымға енгізу.

Көне кітаптарды оқып, аударып жатқан маман — исламтанушы, арабша-түрікше аудармашы, Анкара Йылдырым Баязид университетінің түлегі Ахметқалиев Орынбасар Нұрланұлы.

Бұл жоба арқылы музей қорындағы тарихи мұралар жаңаша зерделеніп, болашақ ұрпаққа құнды дерек ретінде ұсынылмақ.

Scroll to Top