Облыстақ тарихи-өлкетану музейіне Орта Азия артефактарын қалпына келтіру бойынша жетекші ғалым-реставратор, академик Қырым Алтынбеков пен реставратор Элина Алтынбекова арнайы келді.
11.12.2025
·
«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Облыстақ тарихи-өлкетану музейіне Орта Азия артефактарын қалпына келтіру бойынша жетекші ғалым-реставратор, академик Қырым Алтынбеков пен реставратор Элина Алтынбекова арнайы келді.
Ақ Жайық өңірне, шұрайлы Шыңғырлау еліне жасаған сапарын музеймен ұштастырған ғалым бай тарихымыздан сыр шертетін көне жәдігерлер жайына қанықты. Әр келген сапары сайын музейден құнды деректерге қанығатынын, батыс өлкенің тарихына әрдайым қызыға қарайтынын айтқан мейман мол тәжірибесімен бөлісті. Музей басшылығымен алдағы жұмыс жоспарын талқылап, қолдау білдіруге дайын екендігін жеткізді. Маңызы терең кездесу үшін қадірлі қонақтарымызға зор алғыс айтамыз!