БҚО музейінің ұжымы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасына арналған спорттық форумға қатысты
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» идеясын жүзеге асыруға бағытталған спорттық форумға белсене қатысты.
Ауқымды шара Конституцияның құндылықтары мен жаңашылдықтарын кеңінен насихаттауға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған.

Спорт — тек денсаулық кепілі ғана емес, ол темірдей тәртіптің, жауапкершіліктің, ынтымақтастық пен адалдықтың айқын көрінісі. Осындай маңызды бастамалар қоғамда заңға деген құрметті арттырып, отансүйгіштік қасиеттерді нығайта түсетіні сөзсіз.
Музей ұжымы алдағы уақытта да қоғамдық маңызы зор іс-шараларға белсенді қатысып, ел игілігі жолындағы бастамаларға өз үлесін қоса бермек.