«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Батыс Қазақстан өңірінің ашаршылық тарихы ғылыми жинаққа арқау болмақ

22.07.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне Алматы қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрсұлу Дүйсенова арнайы іссапармен келді.

Іссапардың мақсаты — 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезеңіне қатысты ел ішіндегі естеліктерді, ауызша тарих материалдары мен сұхбаттарды жинақтау. Қазіргі таңда осы тақырып бойынша 20 томдық ғылыми жинақ әзірленіп жатыр, оның бір томы Батыс Қазақстан өңіріндегі ашаршылық тарихына арналмақ.

Сапар барысында қонақты музей директоры Жантас Сафуллин арнайы қабылдады. Тараптар музей қорында сақталған құнды тарихи жәдігерлер мен өңір тарихына қатысты деректер жөнінде пікір алмасып, ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу соңында музей директоры Жантас Набиоллаұлы ғалымға құрмет ретінде көрнекті ағартушы, ақын әрі қоғам қайраткері Ғұмар Қараштың үш томдық шығармалар жинағын сыйға тартты.

Құрметті жерлестер!

Егер сіздерде 1931-1933 жылдардағы ашаршылыққа қатысты естеліктер, тарихи деректер немесе куәгерлердің ұрпақтарында сақталған материалдар болса, оларды алдағы жарық көретін ғылыми жинаққа енгізу үшін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Scroll to Top