«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Кеше музейге өңірлік Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Мейрамбек Қабдоллин келіп, ұжыммен жүздесті, маңызды тақырып төңірегінде пікір алмасты.

16.12.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Кеше музейге өңірлік Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Мейрамбек Қабдоллин келіп, ұжыммен жүздесті, маңызды тақырып төңірегінде пікір алмасты.
Басқосуда зайырлы мемлекеттегі азаматтардың таңдау еркіндігі, діни сананы қалыптастырудағы жауапкершілік, сондай-ақ жат ағымдардың жетегіне еріп кету қаупі бар жастар мәселесі туралы жан-жақты түсінік берді.
Мейрамбек Ержанұлы қоғамда көрініс тауып отырған деструктивтік діни ағымдардың белгілері, олардан қоғамға төнетін қатер және алдын алу жолдары жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті. Әңгіме барысында жастардың ақпараттық сауаттылығын арттыру, мектеп пен жоғары оқу орындарында түсіндіру шараларын күшейту, отбасының рөлі сияқты өзекті бағыттар да қозғалды.
Ұжым атынан сөз алған музей директорының орынбасары Нұржан Дүзбатыр рухани иммунитетті күшейтудің ең тиімді жолы – білім мен отбасындағы тәлімді тәрбие екендігіне тоқталып, ұлттық тарих пен мәдени мұраның жас буынға дұрыс бағыт-бағдар берудегі маңызын атап өтті.

Scroll to Top