Музей басшысы Жантас Набиоллаұлы IT маманмен бірге музей қорының жұмысын жүргізуге арналған “Saqtay” бағдарламасын қарады.
11.09.2025
·
«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Бүгін музей басшысы Жантас Набиоллаұлы IT маманмен бірге музей қорының жұмысын жүргізуге арналған “Saqtay” бағдарламасын қарады.
Бағдарламаның қолданылмай жүрген қызметтерін дұрыс қолдану, толтырылатын құжаттарды мүмкіндігінше тек электронды нұсқада жасау айтылды. Кемшін тұстары талқыланып, оларды жетілдіру бағытында тапсырмалар берілді.
IT маманға алдағы уақытта жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану үшін қажетті қадамдарды қарастыру ұсынылды.
Бұл қадам музей қорының жұмысын жандардырып, заманауи серпін беріп, тиімділікті арттыруға жол ашады.