«Отбасы сырын сақтаған жәдігер» бейнеролик байқауы
«Отбасы сырын сақтаған жәдігер»
🔴Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі «Отбасы сырын сақтаған жәдігер» атты бейнеролик байқауын жариялайды!
✅️Байқаудың мақсаты – отбасыларда сақталған көне заттар арқылы әулет тарихын, ұрпақ сабақтастығын, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу.
✅️Байқауға кімдер қатыса алады?
Барлық ниет білдірушілер жеке, отбасылық немесе топтық форматта қатыса алады.
✅️ Байқау шарттары:
Отбасыңызда немесе әулетіңізде сақталған көне затты таңдап, оның тарихы, кімге тиесілі болғаны, отбасы үшін маңызы мен оған байланысты естеліктер туралы танымдық әрі шығармашылық бейнеролик болуы тиіс.
🔴Жәдігер міндетті түрде музей экспонаты болуы шарт емес. Ол домбыра, сандық, көне кітап, хат, фотоальбом, зергерлік бұйым, құжат немесе отбасы тарихына қатысты өзге де құнды дүние болуы мүмкін.
🎬 Бейнероликке қойылатын талаптар:
• Ұзақтығы: 2–3 минут;
• Форматы: MP4;
• Сапасы: Full HD (1080p);
• Жұмыс нақты отбасылық жәдігерге негізделуі тиіс;
• Жасанды интеллект құралдарын қолдануға жол берілмейді.
✅️Жұмыстар 18 қазанға дейін қабылданады. Қорытынды 24 қазан күні жарияланып, марапаттау рәсімі қосымша хабарланатын болады.
🏆 Жүлделер:
I, II, III орын иегерлеріне арнайы сыйлықтар мен сертификаттар табысталады. Барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталады.
📩 Жұмыстарды қабылдау: muzeizko@mail.ru
📞 Байланыс телефоны: 8-700-024-75-24
📍 Мекенжай: Орал қаласы, Назарбаев даңғылы, 184.
Әрбір көне заттың артында бір әулеттің тарихы, ұрпаққа аманат болған естелігі бар. Сол тарихты бейнеролик арқылы жаңғыртып, отбасыңыздың асыл мұрасын көпшілікке танытыңыз!
Қатысыңыз, отбасыңыздың тарихын бірге сөйлетейік! ❤️