«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

«Мұстақым Ықсанов – жас ұрпақ көзімен» атты ЖИ көмегімен әзірленетін бейнероликтер байқауы

«Мұстақым Ықсанов – жас ұрпақ көзімен» атты ЖИ көмегімен әзірленетін бейнероликтер байқауы

«МҰСТАҚЫМ ЫҚСАНОВ – ЖАС ҰРПАҚ КӨЗІМЕН»

🔴Мемлекет және қоғам қайраткері МұстаҚым Біләлұлы Ықсановтың туғанына 100 жыл толуына орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі мектеп оқушылары арасында «Мұстақым Ықсанов – жас ұрпақ көзімен» атты жасанды интеллект көмегімен шығармашылық байқау жариялайды!

✅️Байқаудың мақсаты – тарихи тұлғаның өмірі мен қызметін жас ұрпаққа таныту, туған өлке тарихына қызығушылықты арттыру және жасанды интеллект технологияларын шығармашылықта қолдануға ынталандыру.

📌 БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:
🔹 Қатысушылар: 10–16 жас аралығындағы мектеп оқушылары.
🔹 Қатысу түрі: жеке немесе шығармашылық топ құрамында.
🔹 Шығармашылық жұмыс: жасанды интеллект көмегімен әзірленген бейнеролик. 🔹 Ұзақтығы 2–3 минуттан аспауы тиіс
🔹 Жұмыс қазақ тілінде әзірленуі тиіс. Басқа тілде орындалған жұмыстарға қазақша субтитр қосу ұсынылады.
🔹 Бейнеролик байқаудың тақырыптық бағыттарының біріне сәйкес болуы қажет.
🔹 Мазмұны тарихи деректерге негізделіп, пайдаланылған ақпарат көздері көрсетілуі тиіс.

📚 БАЙҚАУ БАҒЫТТАРЫ:
1️⃣ «Мұстақым Ықсанов кім?»
2️⃣ «Ақ Жайықтың дамуына қосқан үлесі»
3️⃣ «Архивтегі бір сурет – бір тарих»
4️⃣ «Еңбекпен өрілген ел тарихы»

🏆 ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:
🥇 I орын – 50 000 теңге
🥈 II орын – 30 000 теңге
🥉 III орын – 20 000 теңге

Қосымша номинациялар:
✨ «Үздік тарихи зерттеу»
✨ «Үздік ЖИ-анимация»
✨ «Үздік шығармашылық идея»
✨ «Көрермен көзайымы»

Марапаттау рәсімі М. Ықсанов атындағы көрменің ашылу салтанаты аясында өтеді.
📍 Мекенжай: Орал қаласы, Назарбаев даңғылы, 184.

☎️Толық ақпарат үшін байланыс нөмері 87471625103
📩 Жұмыстарды қабылдау: muzeizko@mail.ru

Мерзімі: 29.09.2026 – 16.10.2026
Орны: «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Байланыс: +7 747 162 51 03
Scroll to Top