«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

БҚО музейі Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығына орай ЖИ-байқау жариялады

28.09.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың 100 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында «Мұстақым Ықсанов – жас ұрпақ көзімен» атты жасанды интеллект көмегімен әзірленетін бейнероликтер байқауын өткізеді.

Байқаудың басты мақсаты — ел тарихында ерекше орны бар тұлғаның өмірі мен еңбегін жас ұрпаққа таныту, сонымен бірге оқушыларды заманауи ЖИ-технологияларын шығармашылық бағытта тиімді қолдануға ынталандыру.

Байқауға 10-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары жекелей де, шығармашылық топ құрамында да қатыса алады.

Қатысушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, 2-3 минуттық бейнеролик әзірлеуі қажет. Бейнематериал тарихи деректерге негізделіп, қазақ тілінде дайындалуы тиіс (басқа тілдегі роликтерге қазақша субтитр қосылады).

Байқау бағыттары:

  • «Мұстақым Ықсанов кім?»

  • «Ақ Жайықтың дамуына қосқан үлесі»

  • «Архивтегі бір сурет – бір тарих»

  • «Еңбекпен өрілген ел тарихы»

Үздік деп танылған жұмыстарға ақшалай жүлделер беріледі:

  • 🥇 I орын — 50 000 теңге

  • 🥈 II орын — 30 000 теңге

  • 🥉 III орын — 20 000 теңге

Сонымен қатар жеңімпаздар «Үздік тарихи зерттеу», «Үздік ЖИ-анимация», «Үздік шығармашылық идея» және «Көрермен көзайымы» сияқты арнайы номинациялармен марапатталады. Салтанатты марапаттау рәсімі Мұстақым Ықсановқа арналған көрменің ашылуында өтеді.

  • 📩 Жұмыстарды қабылдау поштасы: muzeizko@mail.ru

  • ☎️ Анықтама телефоны: +7 747 162 51 03

  • 📍 Мекенжайымыз: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 184

Scroll to Top