«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде маңызды жиын өтті.

09.09.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде маңызды жиын өтті. Мекеме директоры Жантас Набиоллаұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген өзекті мәселелерге тоқталды.

Жолдауда айтылған цифрландыру мен жасанды интеллектті (ЖИ) дамыту – қазіргі заман талабы екендігі айтылды. Осы орайда музей саласында ЖИ технологияларын енгізу бойынша нақты ұсыныстар мен бағыттар белгіленіп, алдағы кезеңде іске асырылатын іс-шаралар жоспары құрылатыны мәлімделді.
Жиын барысында:
Музей экспозицияларын цифрландыру,
Виртуалды экскурсиялар мен интерактивті гидтерді іске қосу,
ЖИ арқылы келушілер ағынын талдау және қызмет сапасын арттыру мәселелері қарастырылды.
Жасанды интеллект – тек технология емес, ол мәдени мұраны жаңа деңгейде ұсынудың жолы.
Музей саласын цифрландырып, жасанды интелектіні кеңінен қолдану үшін қажетті құрал-жабдықтар мен жобалар анықталып, алдағы уақытта жүйелі жұмыстану жоспарланды.

Scroll to Top