«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Өңірімізге Түркиядан іссапармен келген белгілі ғалым, түрколог Әбдіуақап Қара музейге келді. Құрметті қонақты археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Мұрат Қалменов жол бастап әкелді.

26.12.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Өңірімізге Түркиядан іссапармен келген белгілі ғалым, түрколог Әбдіуақап Қара музейге келді.
Құрметті қонақты археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Мұрат Қалменов жол бастап әкелді.

Қонақтар музей директоры Жантас Набиоллаұлымен кездесу өткізіп, музей экспозицияларымен танысты. Кездесу барысында тарихи-ғылыми бағыттағы зерттеулерге тоқталып, балаларға арналған кітапшалардың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ музей саласындағы болашақ бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Бұл кездесу ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, ортақ тарихи мұраны зерттеу мен насихаттауға жаңа мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.
Музейді тамашалаған ғалым қазақ тарихына қатысты құнды деректерге қанық болғанын айтып, ризашылығын білдірді.

Scroll to Top