Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Жантас Набиоллаұлы «Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау» жобасының таныстырылымын өткізді
02.10.2025
·
«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Жантас Набиоллаұлы «Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау» жобасының таныстырылымын өткізді.
Жиын барысында жобаның мақсаты тарихи-мәдени мұра болып саналатын көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинақтау, сақтау және зерттеу екенін тілге тиек етті.
Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау – тарихи, ғылыми және мәдени құндылыққа ие көне кітаптар мен қолжазбаларды анықтау, жинау, сақтау, зерттеу және кеңінен насихаттау мақсатында жүзеге асырылатын кешенді жоба.