«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Батыс Қазақстан музейінің 190 жылдығы аясында мектеп оқушыларына танымдық саяхат ұйымдастырылды

01.09.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің 190 жылдық мерейтойына орай «Орал – ашық аспан астындағы музей» қалалық экскурсия жобасы аясында №35 мектеп-лицейінің оқушыларына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Білім күніне арналған бұл шарада жас ұрпаққа қаланың көрікті жерлері мен тарихи-мәдени нысандары көрсетіліп, шаһардың өткені мен бүгіні туралы құнды деректер берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, туған өлкенің тарихын тереңірек зерделеді. Мұндай тағылымды жобалар өлкетануға деген қызығушылықты арттырып, патриоттық сезімді қалыптастыруға зор үлес қосады.

Егер сіз де шәкірттеріңізге Орал қаласының бай тарихын таныстырып, экскурсия ұйымдастырғыңыз келсе, 8 700 024 75 24 байланыс телефоны арқылы хабарласа аласыз. Тарихқа бірге саяхат жасайық!

Scroll to Top