«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Гуттенберг бейнесі бар көне камин сағаты

А.С.Пушкин музейі
Гуттенберг бейнесі бар көне камин сағаты

Сипаттама

Ерте баспа өнерінің негізін салушы Гуттенбергтің бейнесі бар үш кітап пен ескі камин сағаты, музейдің алғашқы экспонаттарының бірі ретінде инвентарлық кітапқа тіркелген.  Жоғарғы бөлігінде – алғашқы баспашы Гуттенбергтің бейнесі.Тұғыры сандық тәрізді. Алдыңғы жағында екі алғашқы баспашының портреті бар, олардың есімдері белгісіз.Ортасында олардың арасында баспа станогы бейнеленген.Сандықтың астында көркем өрнектелген аяқтары бар тұғыр орналасқан.Ағаш тұғырда қара лакпен қапталған қола сағат.Орал казактары мұражайының қоры.  А.С.Пушкин өз көзімен көруі мүмкін деген болжам бар.

Биіктігі – 55 см

Тұғырдың ені – 43 см

Scroll to Top