«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

16.01.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
белгілі өлкетанушы, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан Сара Танабаева Есқайырқызын мерейтойына орай қабылдады. Музей саласының ардагерін мерейтойымен құттықтап, өлке тарихына қатысты құнды жәдігердерді жинақтап, сақтап, зерттеу бағытындағы зор үлесі үшін алғысын білдірді. Мәдениет саласындағы атақарылып жатқан маңызды істерді таныстырып, пікір алмасты.

Облыс әкімі сонымен қатар Сара апамыздың туған күнімен тұспа-тұс келген
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Қазақстанның халық әртісі, театр тарланы,
Гүлжиян Шынтемір Хафизқызын да мерейтойына орай бірге қабылдады.

Кездесу барысында өңір басшысы ел ардақтысын мерейтойымен құттықтап,
қазақ театр өнерін дамытуға қосқан сүбелі үлесі,
ұлттық мәдениет пен руханиятқа сіңірген өлшеусіз еңбегі үшін
алғыс білдірді.

Scroll to Top