«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Музейдегі жөндеу жұмыстары пысықталды.

06.08.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Қазіргі таңда “КазПроектРеставрация” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесінің өкілдері Сатыбалдиев Асланбек Тыныштыкбаевич және Ибрагимов Саламат Кадырулы қатысуымен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі, А.С.Пушкин музей-үйі және Е.Пугачев музей-үйінде жөндеу жұмыстары пысықталды. Бұл – біздің мәдени мұрамызды сақтап, келушілерге қолайлы жағдай жасау жолындағы маңызды қадам.

Бүгін музей басшысы Сафуллин Жантас Набиоллаұлы нысанда болып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.Белгілі бір іркілістер бар екендігі байқалып,соларды ыждағаттап , бірқатар нақты жұмыстарын жандандыруға тапсырмалар берді.

Жөндеу жұмыстары музейдің ішкі экспозициялық залдары мен сыртқы көрінісін қамтып отыр. Жаңартылған музей келушілерді заманауи әрі ыңғайлы кеңістікте қарсы алатын болады.

Scroll to Top