«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

«Музей Travel»: БҚО мамандары «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы музейінде болды

07.07.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

«Музей Travel» жобасының қатысушыларын ерекше қызықтырған нысандардың бірі – «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы музейі болды.

Археологиялық-этнографиялық бағыттағы бұл кешен энеолит дәуіріндегі Ботай мәдениетінің тарихы мен әлемдік маңызын кеңінен насихаттайды. Дәл осы өңірде адамзат тарихында алғаш рет жылқы қолға үйретіліп, көшпелі өркениеттің негізі қаланғаны ғылыми түрде дәлелденген.

Музей экспозициясында Ботай қоныстарының тұрғын үйлері тарихи дәлдікпен қайта жаңғыртылған. Киіз үйге ұқсас күмбезді баспаналар жерге тереңдетіліп салынып, бір-бірімен жер асты өткелдері арқылы байланыстырылған. Сонымен қатар, әр баспананың атқарған өзіндік шаруашылық қызметі де айқын көрсетілген.

Энеолит дәуірінің тыныс-тіршілігін шынайы жеткізу үшін кешенге тайпа көсемі, қолөнерші, қымыз баптап отырған әйел және рухани ғұрыптарды атқарушы шаманның балауыз мүсіндері қойылған. Мұндай визуалды шешімдер мен қайта жаңғырту тәсілдері ежелгі дала өркениетінің тұрмыс-тіршілігін көз алдына келтіріп, музей қызметкерлері үшін құнды кәсіби тәжірибе болды.

Scroll to Top