«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Тарихты тарту етіңіз: Өңір музейі сыйлық сертификаттарын әзірледі

04.07.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Орал қаласының орталық алаңында өткен халықаралық «Тойбастар» фестивалінде Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа сыйлық сертификаттары таныстырылды. Бұл бастама мәдени-танымдық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Сыйлық сертификаты арқылы тұрғындар мен қала қонақтары музей экспозицияларын аралап, «Орал – ашық аспан астындағы музей» жобасы аясындағы тарихи-танымдық экскурсияларға қатыса алады. Сертификат мәдени орталықтың барлық экскурсиялық әрі танымдық қызметіне жарайды және оны қалаған сомада рәсімдеуге болады.

Музей директоры Жантас Сафуллин бұл жоба музей қызметін заманауи талаптарға сай дамытуға, өлке тарихын кеңінен насихаттауға және бұқараның тарихи мұраға деген қызығушылығын арттыруға жол ашатынын атап өтті.

Музей ұсынған бұл тарту – жақындарыңыз бен достарыңызға, ұстаздар мен өскелең ұрпаққа туған өлке тарихын тереңірек тануға мүмкіндік беретін ерекше сый.

Scroll to Top