Батыс Қазақстан музейінің ұжымы Ыбырай Алтынсарин музейінде
2026 жылдың 28 маусымында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Жантас Набиоллаұлы бастаған музей қызметкерлері ұлы ағартушы, ұстаз, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейіне арнайы келіп, экспозициямен танысты.
Танымдық экскурсия барысында қонақтар қазақтың тұңғыш ағартушысының өмірі мен шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі, сондай-ақ тарихи тұлға ретінде халқына қалдырған баға жетпес мұрасы туралы тың мәліметтермен танысты.
Осындай тағылымды кездесулер ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, тарихи сананы қалыптастыруға және ұлт руханиятын насихаттауға зор үлес қосады.
Экскурсия соңында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы қонақтарға кітаптар, Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған естелік белгіні және тарихи тұлғалар бейнеленген естелік монеталарды сыйға тартты.