Медиа өкілдері музейде
25.06.2026
·
«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған республикалық «QADAM MEDIA – 2026» форумының спикерлері мен өзге өңірлерден келген қонақтары облыстық тарихи-өлкетану музейіне арнайы келді.
Форум спикерлері музей қорындағы бірегей жәдігерлерге жоғары қызығушылық танытып, өңір тарихын сақтау және насихаттау ісінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ музей ұжымының еңбегіне оң бағаларын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Мұндай кездесулер мәдениет пен медиа саласының өзара байланысын нығайтып, тарихи мұраны кеңінен дәріптеуге мүмкіндік береді.