Музейде өңірдің тарихшы-ғалымдары мен өлкетанушыларының қатысуымен кеңес өтті
Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде өңірдің тарихшы-ғалымдары мен өлкетанушыларының қатысуымен кеңес өтті.
Басқосуға тарихшы, т.ғ.к, доцент Ж.Жақсығалиев, т.ғ.к, Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының бас ғылыми қызметкері Ж.Исмурзин, М. Өтемісов атындағы БҚУ-дың тарих, экономика және құқық факультеті, ҚР тарихы кафедрасының оқытушысы Д.Сагидуллаев, археолог, Жайық қаласы тарихи-археологиялық, сәулет-этнографиялық музей қорығының археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Я.Лукпанова және музей қызметкерлері қатысты.
Басқосуда Мемлекет басшысының тарихи мұраны жан-жақты зерттеу, ұлттық тарихты ғылыми тұрғыдан зерделеу және Алтын Орда дәуірінің мұрасын кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Жиын барысында облыстық музейде Алтын Орда дәуіріне арналған жаңа көрме залын жасақтау, қордағы жәдігерлерді ғылыми реставрациядан өткізу, археологиялық және архивтік материалдарды толықтыру, өңір тарихына қатысты жаңа деректер жинақтау бағытындағы жұмыстар жасалатыны айтылды. Қатысушылардың ұсыныстары тыңдалып, ой бөлісілді.
Алдағы уақытта тарихшы ғалымдармен бірлесіп, осы бағытта кеңейтілген конференция өткізу үшін Алтын Орда дәуіріне қатысты деректер негізінде баяндамалар жасау бойынша тақырыптар қарастырылды.