Көктерек тарихи-өлкетану музейі
Көктерек тарихи - өлкетану музейі - тарих толқынында 50 жылдан бері халық игілігі,ұрпақ тәрбиесіне қызмет жасап келе жатқан рухани тәрбие орталығы.1975 жылы 22 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Көктерек орта мектебінде «Данқ» музейі аталып,алғаш есігін ашты.
Мектеп оқушылары мен мұғалімдері, жеке тұлғалар мен ауыл жұртшылығы атсалысқан қоғамдық музей ұзақ жылдар бойы жұмыс жасап, өлке тарихы қосылып,дамып, кеңейді. Жергілікті жерден жиналған жәдігерлерді саралап, сақтап ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне ұсынып отырған мектеп музейі
2004 жылы Казталов аудандық тәрбие жұмыстары орталығының қарамағына алынып,2008 жылдың қаңтарында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының шешімімен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі болып қабылданып, мемлекеттік мекемеге айналдырылды.Музейдің қорында 4000 жуық жәдігер сақталған. Көктерек өңірінің тарихы мен табиғатын таныстыруды мақсат еткен музейде әртүрлі жәдігерлер төмендегіше алты залға орналастырылған.
Көктерек тарихи-өлкетану музейінің ауласында Көктеректен Ұлы Отан соғысына аттанып елге орала алмаған 180 боздаққа арналған ескерткіш қазіргі өсіп келе жатырған ұрпақтың тағзым етер орны болып отыр. Жергілікті тұрғындардан,жақын өңірлерде тұратын халықтардан жәдігер жинап,ұйымдастырып,музейдің мәнді де,көлемді ішкі құрылымына өзінің 38 жыл өмірін арнап, негізін қалаған Қазақ ССР-ініне еңбегі сіңген мұғалім Сейткереев Төлеген Ділжанұлы (1941-2013).
Музей 6 залдан тұрады:
Табиғат залы (28,08м2),
Этнография залы (20,08 м2),
Дәуір залы (22,08 м2),Даму залы (26,09 м2),
Даңқ залы(28,08 м2),Дарын залы (20,09 м2)
Мекенжайы: БҚО,Казталов ауданы,Көктерек ауылы, С.Ақбаев к-сі, 23
8 776 9090771