Музейдің 5 айлық жұмысы қорытындыланды
10.06.2026
·
«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Кеше облыстық тарихи-өлкетану музейінің 5 айлық жұмысы қорытындыланып, негізгі бағыттар бойынша жұмыс жоспары жасақталды.
✅️Аудандық экскурсия жұмыстарын жандандыру. Аудандық музейлермен бірлескен жұмыстарды күшейтіп, тарихи-танымдық экскурсия маршруттарын дайындау, келушілер санын арттыру және өңірдің мәдени мұрасын насихаттау
✅️ ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты әр қызметкерге қызметтік түсіндіру жұмыстарын жүргізу
✅️ Жылыту маусымына дайындық жұмыстары
✅️Музей қорларын жүйелі түрде толықтыру
✅️Музей қызметін қоғамға дұрыс жеткізу және насихаттау
✅️Тарихи-танымдық бағыттағы жұмыстарды жеделдету.
✅️Музейдің ақылы қызметтеріне жаңа тарифтер енгізу туралы ұсыныстар қаралып, нақты тапсырмалар берілді.