Мемлекеттік рәміздер – ұлт рухы мен бірлігінің нышаны
04.06.2026
Бүгінгі жұмыс күнін музей қызметкерлері Рәміздер күніне құрмет ретінде әнұранмен бастады.
Мемлекеттік рәміздер жай ғана нышандар емес. Олар – халқымыздың азаттық жолындағы арман-мұратының, ел бірлігі мен тәуелсіздігінің айқын көрінісі. Әр рәміздің шығу тарихында ұлт пен елдің тарихы, азаттық үшін күрескен бабалар аманаты және Тәуелсіз Қазақстанның болашағына деген сенім жатыр.
Рәміздерді құрметтеу – Отанды құрметтеу. Ал оларды қадірлеу — әр азаматтың парызы.