«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Мәдениет бастауыш ұйымының жиналысы өткізілді

02.06.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

2026 жылдың 2 маусымында Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Қ.Мұханғалиевтың төрағалығымен «АМАNАТ» партиясы Мәдениет бастауыш ұйымының жиналысы өткізілді. Жиналысқа басқарма мамандарымен қатар бағынысты мекеме басшылары қатысты.

Жиналыс барысында бастауыш партия ұйымының атқарған жұмыстары, партиялық жобалардың іске асырылуы барысы туралы баяндалып, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерді орындау мен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Scroll to Top