Бүгін — Халықаралық балаларды қорғау күні
01.06.2026
·
«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне KiberOne Орал оқу орталығының оқушылары келді.
Балалар үшін музейдің экспозициялық залдары бойынша танымдық экскурсия ұйымдастырылып, олар туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасымен танысты. Сондай-ақ жас қонақтар ерекше қызығушылықпен интерактивті ойынға қатысып, өз білімдерін сынап, тапқырлықтарын көрсетіп, көптеген жаңа мәліметтер алды.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға жарқын әсер, жаңа білім және көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
KiberOne Орал оқу орталығының оқушылары мен ұстаздарына музейге келгендері үшін алғысымызды білдіреміз және баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! ?