Құрбандық үстелі
Шыңғырлау тарихи-өлкетану музейі
Сипаттама
Аталған жәдігер Батыс Қазақстан облысы, Сегізсай ауылы, Лебедевка қорымында 2018 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмысы нәтижесінде табылды.Құрбандық үстел тастан жасалып б.з.д VI-III ғасырдағы ерте темір қола дәуіріне жатады.
Жәдігердің құрылымдық ерекшеліктеріне қарағанда, ол рәсімдік әрекеттер, атап айтқанда құрбан шалу, ата-баба аруағына тағзым ету, табиғат-рухтармен байланыс орнату сияқты көне дәстүрлерге арналған. Үстелдің бетінде ыдыс қойылатын ойық/тегістелген алаң және шетін қоршайтын симметриялық өңдеу іздері сақталған. Бұл оның кездейсоқ тұрмыстық зат емес, арнайы культтік мақсатқа жасалғанын дәлелдейді.