«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Дәрі–оқ сауыт құтысы 

Шыңғырлау тарихи-өлкетану музейі
Дәрі–оқ сауыт құтысы 

Сипаттама

Музей қорына қабылданған XIX ғасырдың соңына тән оқ сауыт құтысы (пороховница) — мылтыққа арналған оқ-дәріні сақтау және оқтау барысында мөлшерлеп құюға қолданылған көне бұйым. Дәрі құтысы аңшылық және жауынгерлік мақсатта қолданылған оқ-дәрі салатын ыдыс ретінде белгілі. Жәдігердің сыртқы пішіні дәрінің ылғалданбауына және төгілуіне жол бермейтіндей етіп жасалған. Құтының мойын тұсы тар болып, құюға ыңғайлы, ал негізгі бөлігі кеңдеу етіп пішінделген. Кейбір үлгілерінде қақпақ немесе арнайы қысқыш тетігі болады. Бұйымның бетіндегі өңдеу, ою-өрнек немесе металды өңдеу тәсілі иесінің әлеуметтік мәртебесін, шебердің қолтаңбасын және жасаған кезеңнің мәдени ерекшеліктерін айғақтайды.

Scroll to Top