Тарантас
Шыңғырлау тарихи-өлкетану музейі
Сипаттама
Ақсай қаласының тұрғыны, музей жанашыры Жұмағұл Хусайынов өткен ғасырдың бірінші жартысында жасалған көне тарантас (жол арбасы) бөліктерін музейге сыйға тартты. Тарихи деректерге сәйкес, бұл тарантасты Белогор өңіріне белгілі ұста Медірайым жасаған. Асыл мұраның тозығы жеткеніне қарамастан, оны қайта жаңғырту ісін Қуантаев Мырзаболат қолға алып, қалпына келтірді. Жұмыстар барысында арбаның бастапқы айшықты келбетін сақтау басты назарға алынды. Арба үстіне арнаулы отырғыш, отырғыш астына кіші құпия сандық, ал арқалығына жапсарлас үлкен сандық орнатылды. Сонымен қатар, жол барысында қосымша жолаушылар үшін арбаның артқы бөлігіне саты бекітілген.