«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Қожа Ахмед Яссаудің (1105-1166ж) «Диван-н-Хикмет»  қолжазбасы және БабаРахим Шах Мамрабаның(1657-1711ж) шығармалары

Шыңғырлау тарихи-өлкетану музейі
Қожа Ахмед Яссаудің (1105-1166ж) «Диван-н-Хикмет»  қолжазбасы және БабаРахим Шах Мамрабаның(1657-1711ж) шығармалары

Сипаттама

Қожа Ахмет Ясауи (1105–1166) – түркі сопылық әдебиетінің негізін қалаушы. Оның «Диван-и Хикмет» еңбегі – діни-рухани тәрбиенің, адамгершілік пен ізгіліктің асыл үлгісі. Бұл хикметтерде Аллаға деген махаббат, шынайы тақуалық, пенденің өз нәпсісімен күресі суреттеледі. Ясауидің тілі -қарапайым, жүрекке жылы, рухты оятарлық.

«Диван-и Хикмет» – тек әдеби шығарма емес, ғасырлар бойы түркі мұсылман халықтарының рухани тәрбиесіне ықпал еткен асыл мұра. Кітап XIX ғасырда жазылған.

Баба Рахим Шах Махрамба (1657–1711) — сопылық поэзияның жалғастырушысы, Ясауи жолының ізбасары. Оның хикметтері мен діни өлеңдері халықты имандылыққа, адалдыққа үндейді. Оның шығармаларында Ясауидің терең ықпалы көрінеді, алайда өзіндік нақыш пен ой-толғам да анық байқалады.

Бұл қос тұлға – түркі руханиятының қос жұлдызы. Олардың сөз маржандары – бүгінгі ұрпақ үшін де таусылмас қазына.

Scroll to Top