Патефон
Шыңғырлау тарихи-өлкетану музейі
Сипаттама
Бұл -ХХ ғасырдың басында кеңінен қолданылған алғашқы дыбыс жазу және тыңдау құрылғыларының бірі.
Патефон — механикалық дыбыс ойнатқыш. Ол пластинкалар арқылы музыка мен дауыс жазбаларын тыңдауға мүмкіндік берген. Электр тоғына тәуелсіз, серіппелі механизммен жұмыс істейтін бұл құрал өз дәуірінде нағыз технокеремет саналған.
Патефон алғаш рет 1900 жылдары кең тарала бастады. Қазақ даласында да патефондар ХХ ғасырдың 20–30 жылдары ақындар мен зиялы қауым арасында үлкен құрметке ие болды.
Бұл жәдігер келушілерге ХХ ғасырдың рухани өмірі мен тұрмысы жайлы мол мағлұмат береді.
Патефонның дауыс шығаратын жері- үлкен воронка тәрізді үрмелі «труба». Ол дыбысты күшейтіп, табиғи реверберация береді. Сондықтан оның үні ерекше әрі жылы естіледі.