«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Аққұм қорығынан табылған құмыра сынығы

Мұхит Мералиев атындағы тарихи – өлкетану музейі
Аққұм қорығынан табылған  құмыра сынығы

Сипаттама

БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылының тұрғыны, өлкетанушы, Қазақстанның Құрметті журналисі Қайыржан Хасанов Мұхит Мералиев атындағы тарихи – өлкетану музейіне сый ретінде тапсырған. Құмыраның түп жағы жақсы сақталғанмен, жоғарғы жағы сынған, көне. Бүйірлі құмыраның түсі ақшыл. Материалы — қыш.

Көлемі — 17х8 см.

БҚОМ.ф.ММ 8/6.

Аққұм қорығы — Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылынан 10км. жерде орналасқан құмды алқап. Аққұм солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 18, батыстан шығысқа қарай 8 шақырым ендікке созылған құстың сопақша жұмыртқасы тәріздес құмды жоталар. Археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп (А.М.Панченко, Ғ.В.Кушаев), алтын бұйымдар, әскери құралдар, тұрмыстық құрал-жабдықтар, т.б. нәрселер табылған. Осы жер ХII-ХIV ғасырларда ежелгі қаланың орны болған деген жорамал бар. Халық арасындағы аңызға сәйкес Аққұм шағылы — Алшағыр ханның шаһары, ірі сауда орталығы болғанға саяды. Аққұм шаһарын Алшағырдан өшін алған Қобыланды қиратқан деген аңыз бар.

Оған «Қобыланды батыр» жырындағы:

«Аққұм деген бар шағыл,

Ол жайлы аңыз еседі.

Қобыланды шапқан Алшағыр,

Хан ордасы деседі» — деген өлең жолдары дәлел.

Аққұм өңірін «Қобыланды батыр» жырымен байланыстыратын деректер аз емес. Аққұммен қатар орналасқан Хан орны, Шәр, Оқ атқан, Шымылдық, Едіге тоғайы. Аққұмнан 60-70 шақырым жердегі Қобыланды мазары, Қобыланды ауылы дейтін жерлер де бар. 22 желтоқсан 1988 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ассамблеясының шешімімен өткен Бразилия-92 құрылтайында Аққұм қорық болып белгіленді.

Scroll to Top