Тоқыма кілем
Ақпәтер тарихи-өлкетану музейі
Сипаттама
Қызыл ала түсті,екі маңдайы шыйыршықталған, қазақтың орнаментін салып қолдан тоқыған кілемше. Кілемнің негізгі түстері қызылдың және қызғылттың әртүрлі реңдері, сары және жасыл. Өрнектері –геометриялық және гүл тәріздес элементтердің үйлесімі. Ортасында бірнеше рет қайталанған үлкен ромб тәрізді(көл) өрнектер бар. Кілемнің жиектерінде әртүрлі ендегі тар жолақтар бар. Ең ішкі және сыртқы жиектерінде ұсақ геометриялық өрнектер орналасқан. Төменгі жағында шашақтары бар.
Сапасы: Жіп,мата
Көлемі: 2,62х1,60 см
1953 жылы жасалған.
Тапсырған адам: Байшин Мұрат, Ақпәтер ауылының тұрғыны. Анасы Қайша Насиханованың қызы Рысгүлге арнап тоқыған кілемі