Бұлан
Сипаттама
Бұлан – өлкеміздің ең ірі сүтқоректісі. 1990 жылы Алтайдан Батыс Қазақстан облыстық музейінің қызметкері Таюрский Олег алып келіп, біздің музейге тапсырған. Бұланның биіктігі 1м 52 см, ұзындығы 2 м 20 см. Салмағы 570 кг, дене ұзындығы 280 см. Мойын астында 25–40 см-ге жететін жұмсақ, былғары тәрізді тері өскіні («сырға») бар. Жүні — қатты, қоңыр-қара түсті, аяқтары ашық сұр, дерлік ақ түсті. Алдыңғы аяқтарындағы тұяқтары үшкір болып келеді, бұл бұғыға жыртқыштармен, мысалы, қасқыр немесе аюмен қақтығыста оларды қару ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай тұяқпен бір-ақ соққы жасау — қарсыластың бас сүйегін тесіп өтуге немесе ішін жарып жіберуге жеткілікті.
Ерекшелігі — ұзын аяқты, тұмсығы шығыңқы басы және шоқтығы биік. Еркектерінде жыл сайын түсіп отыратын үлкен күрек тәрізді мүйіздері болады, ал ұрғашыларында мүйіз болмайды. Жануардың түсі қоңыр-сұр немесе қара-қоңыр, жүні — қатты. Жайық өзені жағалауындағы ормандар мен Қара-Ағаш, Қайынсай жол бойындағы ормандарында мекендейді. Ағаш қабығы, бұталармен қоректенеді. Соңғы жылдары бұлан санының азаюы байқалады.