Мамонтың сол жақ азуы
Сипаттама
Кайнозой дәуірінен сақталған. Музей алғашында 1852 жылы Орал әскери училищесі жанында Г.С.Карелиннің өлке тарихына қатысты жәдігерлерді жинақтауының арқасында құрылған.
Мамонт – піл тұқымдастың жойылған түрі. Бұл түр кейінгі плейстоцен кезінде Еуропа, Солтүстік Азия, Солтүстік Америкада кең тараған.
Мамонттың сол жақ азуы ұзындығы 2м30 см, ені 18 см.
Қазіргі пілдерге қарағанда денесі ірі биіктігі 3,5 м., ал салмағы 5-6 тонна шамасында болған, әсіресе алдыңғы жауырын тұстары өте үлкен, биік, сирағы мен құйрығы қысқа, жүндері ұзын, ішкі жағына қарай иілген, үстіңгі жақ сүйегінде екі сайдақ тістерінің ұзындығы 3-4 метрге, салмағы 100 кг жеткен. Ашық аймақтарда, тундрада тіршілік етіп шөп және бұталармен қоректенетін. Күнінен 300-400 кг қорек жейтін. Мамонт 12-15 болып бірігіп тіршілік еткен.