Жүндес мүйізтұмсықтың бас сүйегі
Табиғат және экология музейі
Сипаттама
Жүндес мүйізтұмсық – Бұл қалың жүнді үлкен жануар. Екі мүйізі бірінен кейін екіншісі қатарласып өскен, алдыңғы мүйізі 1 метр шамасында өте күшті етіп жетілген. Негізінен жыртқыштардан қорғану үшін және шабуыл үшін пайдаланған. Денесі зор болған, ұзындығы 3 метр, биіктігі 170 см жеткен. Төртбұрышты қырлы ерні жайылымға ыңғайлы, онымен қарды ашып тамақ тапқан. Кайнозой дәуірінен сақталған. Музей алғашында 1852 жылы Орал әскери училищесі жанында Г.С.Карелиннің өлке тарихына қатысты жәдігерлерді жинақтауының арқасында құрылған.