«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Домбыра (ХІХ ғасыр)

«Домбыра – ұлттық рух» музейі
Домбыра (ХІХ ғасыр)

Сипаттама

Қазақтың көне екі ішекті музыкалық аспабы. Домбыра — алмұрт пішінді, жөке ағашынан жасалған.  Шанағында геометриялық   және өсімдік өрнектері ойылып салынған. Уақ  тесіктері бар әшекейлі сүйек жапсырмалар түрлі-түсті барқыт негізге жапсырылған. Қақпағы «қошқар мүйіз» өрнегімен әшекейленген.

Домбыраны 1890 жылы туған шебер Темі0р Аманшиев жасаған.

Аспап үшін иесі шеберге бие мен құлынды төлеген.

Домбыра бұрын Қуантаева Зейнепке тиесілі болған, кейін ол аспапты музей қорына тапсырған.

Сақталу күйі: ішектері үзілген

Тіркеу нөмірі: №4853/2

Орналасқан орны: 2-зал

Темірғали Аманшин тек домбыра шебері ғана емес, домбыраның құлағында ойнаған домбырашы, термеші, жыршы болған екен. Жыр, термені жаны сүйітіні соншалық майын тамызып таңға дейін айтуға шамасы бар екен.

Scroll to Top