«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Тақсай ханшайымының тарағы

«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Тақсай ханшайымының тарағы

Сипаттама

Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры Мұрат Сдықов және орталықтың ғылыми қызметкерлері есептеуінше Тақсай тарағы дүниежүзінің мәдени-тарихи қазынасына кіреді. Қазақстан аумағында бұл жәдігердің баламасы жоқ.

Тарақ екі жақты, бүтін тік бұрышты пішінді ағаштан жасалған. Тарақ өте жаман күйде табылды: оның көп бөлігі өртпен өрттелген. Ені — 11 см, биіктігі — 17 см, жуандығы — 0,5 см.

Тарақтың шаш тарайтын бөлігі жоғарғы және төменгі қатарлы тістерден тұрады. Жоғарғы бөлігінде көлденен қимасы жұмыр әр түрлі мөлшердегі 13 ірі тістерден, ал төменгі қатарында көлден қимасы жұмыр шеңберлі дәл тілінген тістер түріндегі мөлшерлері бірдей 79 ұсақ тістерден тұрады. Тістердің екі шетінде қатардың екеуінде қиылған-конус пішіндегі декор ойылған. Тақсай тарағын зерттеушілердің болжауы бойынша, тарақ декорында парсылар мен сарматтар арасындағы шайқас эпостық түрде бейнеленген.

Scroll to Top