«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

«Жаңақаланың өшпес жұлдызы» атты көрме ұйымдастырылды

21.04.2026 Дина Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейі

Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейінің бөлімі Дина Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейінде айтыс өнері көгінде жаңа туған жұлдыздай жарқ еткен Асылбек суырып салма ақындық өнерімен дараланған,қара домбырасын серік етіп, өлеңнен өрім өрген жас ақын Асылбек Ишанов Миразатұлын еске алуға арналған “ Жаңақаланың өшпес жұлдызы” тақырыбында музей қорынан көрме жасақталды.
Көрмеге Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушылары мен ауданға келген қонақтар тамашалады.
Көрме барысында Асылбек Ишанов Миразатұлының өмір жолы, өнер жолынан сыр шертіліп, жеке заттары көрсетілді.

Scroll to Top