Бөрлі тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық музейлер күніне арналған мәдени шара өтті
Бүгін Бөрлі тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей – халық қазынасы» атты ерекше мәдени шара өткізіліп, музей қызметкерлері мен аудан тұрғындарының басын қосты.
Шараның салтанатты ашылуында Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Исмагулова Бұлбұл Беркінғалиқызы қатысып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Мұқанғалиевтың атынан музейдің меңгерушісі Зумрад Укасовна Менешева Алғыс хат табыстады.
Сонымен қатар, музей саласының дамуына және адал еңбегіне қосқан үлесі үшін Бөрлі тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Камарова Ақтоты Газизқызы да Алғыс хатпен марапатталды.
Музей шараларына белсенді түрде қатысқан тұлғалар да назардан тыс қалмады. Бұл күні Алғыс хаттарға ие болғандар:
— Бөрлі аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының мұғалімі Бигариева Аля Сайрамбаевна;
— Канай мәдениет үйінің директоры Куатова Алтын Сарсенбаевна;
— Ақбұлақ мәдениет үйінің үйірме жетекшісі Есказиева Үлдай Таңбайқызы;
— Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Молдағалиева Алия Айтуғанқызы;