«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

«Атадан қалған ақ сауыт» көрмесінің ашылуы өтті

«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК 18.05.2026
«Атадан қалған ақ сауыт» көрмесінің ашылуы өтті

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақ халқының жауынгерлік мәдениеті мен батырлық дәстүріне арналған «Атадан қалған ақ сауыт» атты көрменің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

Көрмеде сармат, түркі, қыпшақ дәуірлерінен бастап жаңа заманға дейінгі қару-жарақ түрлері, сауыт-саймандар, тарихи жәдігерлер мен реконструкторлық картиналар қойылды.

Көрменің мақсаты — ұлттық тарихи сананы жаңғыртып, жас ұрпаққа ата-баба мұрасын таныстыру, отансүйгіштік рухты дәріптеу.

Шара барысында музей директоры Жантас Нәбиоллаұлы Сафуллин құттықтау сөз сөйлеп, көрме бойынша экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар сауыт тоқу шебері Жәнібек Альпейісов дәстүрлі сауыт жасау өнерін таныстырды.

?Облыстық тарихи-өлкетану музейі

Scroll to Top