✨ «Ғасырлар үнін сақтаған қасиетті орда» мерекелік концертіне шақырамыз!
✨ «Ғасырлар үнін сақтаған қасиетті орда» мерекелік концертіне шақырамыз!
18 мамыр – Халықаралық музейлер күні және Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің 190 жылдық мерейтойына орай музей алаңында ауқымды салтанатты кеш өтеді.
Кеш барысында:
? «Құпия жәдігер» көрмесінің ашылуы өтеді
? «Тарих тағылымы» бөлімінде LED экраннан «Балбалтас баяны» бейнеролигі ұсынылады
? «Даланың дара тұлғалары» бөлімінде қазақтың біртуар тұлғаларының шығармалары орындалады
? Өңірге танымал өнерпаздар музей қорында сақталған көне музыкалық аспаптарда өнер көрсетеді
? «Музей – рухани қазына» бөлімінде үздік ұжымдар марапатталып, «Қоғамдық қор сақтаушы» жобасына қатысушыларға куәлік табысталады
? «Болашаққа бағдар» бөлімінде ғасырлар сырын бүккен ҚҰПИЯ ЖӘДІГЕРДІҢ сыры ашылады
? Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады
? Өтетін орны: Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі
? 18 мамыр 2026 жыл
? Мерекелік концерт: 20:00
? Музейге кіру: 10:00–22:00 аралығы — ТЕГІН
Тарих пен руханият тоғысқан ерекше кештің куәсі болыңыз! ✨