«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

«КӨНЕ ОЙЫНШЫҚ — КЕМЕЛ ТӘРБИЕНІҢ КӨЗІ» атты балаларға арналған көрме

«КӨНЕ ОЙЫНШЫҚ — КЕМЕЛ ТӘРБИЕНІҢ КӨЗІ» атты балаларға арналған көрме

Көрмеде қазақтың ұлттық ойындары, көне ойыншықтар және әр кезеңдегі балалар ойыншықтарының тәрбие құралы ретіндегі маңызы таныстырылады. Экспозиция ұлттық ойындардан бастап бүгінгі ойыншықтарға дейінгі тәрбиелік сабақтастықты дәріптеуге бағытталған.

Көрме арқылы өңір тұрғындарын көненің көзіндей сақталған ойыншықтарын музей қорына тапсыруға шақырамыз. Өйткені әр ойыншық — балалықтың естелігі ғана емес, ұлт тәрбиесінің бір бөлшегі.

Көрме аясында балалар арасында:
✔️ләңгі тебу
✔️асық ату
✔️бес асық
✔️тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық ойындар ұйымдастырылады.

? Көрмеге белсене қатысқан бүлдіршіндерге арнайы қызықты кітаптар сыйға тартылады.

Балаңыздың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскенін қаласаңыз — музейге асығыңыз!

Орны: «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Scroll to Top