«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Өткенді танудың ең әдемі жолы – музей. 18 мамыр – Халықаралық музей күні құтты болсын!

18.05.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Жайық жастары жасанды интеллект технологиясын пайдаланып ерекше бейнеролик әзірледі. Креативті жоба барысында олар өздерінің әлеуметтік желідегі Instagram парақшаларында Жайық қалашығының макетіндегі тарихи кейіпкерлерді, сондай-ақ музей экспонаттарын заманауи цифрлық тәсіл арқылы «тірілтіп», көрермен назарына ұсынды.

Шығармашылық бейнеролик 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне арналды. Жоба мақсаты – жастардың тарихи мұраға қызығушылығын арттыру, музей құндылықтарын жаңа форматта насихаттау және заманауи технология арқылы ұлттық тарихты көпшілікке жақындату.

Бейнеролик әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, музей ісін жаңаша форматта танытудың жарқын үлгісіне айналды.

Scroll to Top