«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Ғұсманов Телмән

Құран кітап. «Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау» жобасы аясында Жәнібек аудандық тарихи-өлкетану музейі жерлесіміз Тельман Ғұсмановтан құнды мәлімет алды. Ол музейге «WhatsApp» желісі арқылы жұбайы Айғаным Габдушқызының атасы – Адай руынан шыққан, діни сауаты жоғары молда Жүсіпқалидың өз қолымен жазылған діни қолжазба кітаптың фотосуретін жолдады. Жәдігер иесінің айтуынша, бұл қолжазба Қамысты ауылында тұрған Жүсіпқали атаның қолтаңбасы болып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде сақталып келеді.

Scroll to Top