«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Қытайда туған қандас веложорықшы Бүрлен Әділетқызы Орал музейінің тарихымен танысты

07.05.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Қытайда туған қандас веложорықшы Орал музейімен танысты
Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өңірінде туып-өскен қандасымыз, танымал веложорықшы Бүрлен Әділетқызы Қазақстанды велосипедпен аралау сапары барысында Орал қаласына келді. Ол сапарын қала музейлерін аралаудан бастады.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде қонаққа арнайы экскурсия ұйымдастырылып, өңір тарихы таныстырылды. Экскурсия барысында Бүрлен Әділетқызы Ғұмар Қараш көрмесімен танысып, «Қазақстан» газетінің жинақталған кітабына қызығушылық танытты.
Музей басшысы оған аталмыш кітапты сыйға тартты. Өз кезегінде Бүрлен Әділетқызы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымына алғысын білдіріп, кітаптың араб әліпбиімен жазылғаны өзіне жақын екенін айтты. Сонымен қатар Қытайдағы қазақтардың да осы төте жазуды қолданатынын жеткізді.
– Осындай жазумен оқу маған жеңіл. Тарихқа жақын екенімді сезінемін, – деді ол.

Scroll to Top