Веложорықшы музейге келді
05.05.2026
·
«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Алтайдың ар жағында дүниеге келген қазақ қызы Бүрлен Әділет Қазақстан бойынша веложорық сапарында Ақ Жайық жеріне табан тіреді.
Веложорықшы музейімізге арнайы келіп, туған жердің терең тарихымен танысып, ұлттық мұраның байлығын жүрегімен сезініп қайтты. Көне жәдігерлер мен тағылымды деректер арқылы өткен мен бүгінді байланыстыратын ерекше рухани әсер алды деп сеніммен айта аламыз.
Бұл — тек бір сапар емес, бұл тамырға қайта оралу, тарихпен тілдесу, ұлттық болмысты тереңірек тану жолы.
Орал – тарихы терең, рухы биік мекен.