«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Музейдегі ерекше Құран кітабы

20.03.2026·Мақала·«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Музейдегі ерекше Құран кітабы

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде көлемі 3х2 сантиметр, алтын-күміс түсі аралас металл тысы бар Құран сақтаулы. Қасиетті кітаптың дәл қай жылы басылғаны белгісіз.

Аса құнды бұл жәдігерді музейге 1978 жылы Орал қаласының тұрғыны Биби Жармұханова табыстаған. 1914 жылы дүниеге келген Биби Абдулқызының музейге айтқан мәліметінше, бұл Құран оның анасы Макперузаға (1886 жылғы) тиесілі болған екен. Ал Макперузаға әжесі берген, әжесіне әкесі Меккеден алып келген делінген.

Құранның металл тысына ұлғайтқыш әйнек бекітілген. Қырына алтын жалатылғандай кітапшаның 438 парағы, яғни 876 беті бар.

Нұрлыбек РАХМАНОВ,
Батыс Қазақстан облысы
Суретке түсірген автор

Scroll to Top